«ҚазАгроҚаржы» филиалының экс-директоры көлігінде өзін-өзі атып тастады: марқұм өлер алдында хат жазып қалдырған
«ҚазАгроҚаржы» филиалының экс-директоры көлігінде өзін-өзі атып тастады: марқұм өлер алдында хат жазып қалдырған
Фото: khabar.kz
42,291
оқылды
«ҚазАгроҚаржы» компаниясының Алматы облысындағы филиалының бұрынғы директоры Ержан Устаев алдын ала мәлімет бойынша өз көлігінде өзін-өзі атып өлтірген. Марқұм өлер алдында хат жазып қалдырған, – деп жазады Orda.kz. Хатта Ержан Устаев Алматы облысының ауылшаруашылық саласында 18 жыл бойы адал қызмет еткенін айтады. Айтуынша, кейінгі кездері сәтсіздікке ұшыраған. «Соңғы бірнеше жылда мен құрғақшылық және өнімсіздік секілді сәтсіздікке ұшырадым. Кейбір достарым мені алаяқ етіп көрсеткісі келеді, сол менің көңіліме қатты тиеді.Соның кейбір тұстарын сіздерге айтқым келеді», – делінген хатта. Белгілі болғандай, 2022 жылғы көктемде Устаев шаруа қожалықтарына көктемгі егіс жұмыстарына 20 трактор бөлген. Агрокомпанияның бұрынғы басшысының айтуынша, кейбір фермерлер техниканы оның «ҚазАгроҚаржы» басшылығымен келіспеушілігінен рәсімдеп үлгермеген. Марқұм Санат Адамов есімді өзінің орынбасары тракторларды сатып, иемденіп алды деп өзін сыртынан қаралағанын, өзінің кінәсіздігін дәлелдегенін және орынбасары шаруаларға неге өтірік айтқанын түсінбейтінін айтады. «Мен Санат Адамовқа осылай істеуге не түрткі болғанын білмейтін. Ол көп жыл бойы менің орынбасарым, жақтасым болды. Өз еркімен қызметтен кетті. Исламға сенетін адам ретінде Санат саған сұрақ қойғым келеді. Ислам адамды қаралауға рұқсат бере ме?» – дейді Устаев хатында. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының Алматы облысындағы филиалының бұрынғы басшысын басқа да фермерлер қаралаған. Ержан Устаев хатында олардың атын атап, өзінің алаяқ емес екенін айтады. Соңында Устаев кешірім сұрап, Рүстем Сапарғалиев есімді азаматпен серіктес болудан сақтануды ескертеді. Айтуынша, дәл осы адам оның атынан несие алып, оны мойнына артып кеткен. Марқұм қарызды өтей алмағанын айтады.