Қазақстандықтар 2023 жылғы қаңтарда неше күн демалатыны белгілі болды
Қазақстандықтар 2023 жылғы қаңтарда неше күн демалатыны белгілі болды
1,079
оқылды
Биыл 2023 жыл жексенбі күні басталып, демалыс күндері 3 қаңтарға дейін жалғасады. Қазақстандықтар 4, 5 және 6 қаңтарда жұмыс істейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2023 жылы 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді және бұл жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 31 желтоқсанға және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтарға сәйкес келеді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар болады. Еске салайық, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады.