Үш баласын өлтіріп, артынан өзіне қол салған ер адамның жары шындықты жайып салды
Үш баласын өлтіріп, артынан өзіне қол салған ер адамның жары шындықты жайып салды
24,252
оқылды
Маңғыстауда үш баласын өлтіріп, артынан өзі дарға асылып өлген ер адамға қатысты тың дерек жарияланды. Журналист Гүлмира Әбіқайдың дерегінше, суицид жасаған ер адамды балаларға қатыгездік, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптаған.
"Ешқандай жоқшылық, қымбатшылық, Үкімет кінәлі емес! Маған жазылған хатты қаз-қалпында жариялады",  – деп жазды Гүлмира Әбікай Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, ер адам ішкілікке жақын болған, әйелін ұрып-соққан, 15 жастағы өгей қызын зорлаған. Марқұмның артында қалған жары күйеуі қылмыстық қудалаудан қорқып, өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдады деп санайды.
"Сіңлімнің 15 жасар еріп келген қызы бар, соны зорлап, түрмеге кетпеймін деп өз-өзіне қол жұмсаған. Балаларды сіңлімнен қызғанып, өзімен бірге алып кетті. Сіңлімді балаларынан айырып, зарлатып кетті",  – делінген журналист жариялаған хатта.
Еске салайық, қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болған. 38 жастағы ер адам 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық баласын өлтіріп, артынан дарға асылып өлген.