Жәнібек Әлімханұлы қарсыластары ең көп бас тартатын боксшылар тізіміне енді
Жәнібек Әлімханұлы қарсыластары ең көп бас тартатын боксшылар тізіміне енді
407
оқылды
ESPN Ringside Twitter аккаунтында қарсылас табу қиынға соғатын боксшылар туралы жазба жарияланды. Әлеуетті қарсыластары ең көп қашатындардың арасында WBO орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар. Сондай-ақ бұл тізімге Шакур Стивенсон, Джарон Эннис, Верджил Ортис және Давид Бенавидес те кірген. Ресурста: «Дәл қазір қарсыластары ең көп қашатын боксшы кім?» деген сұрақ қойылып, үміткерлердің тізімі көрсетілген. Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бұрынғы әлем чемпиондары Хайме Мунгия мен Деметриус Андраде бас тартқан болатын.