«Алтын белгіге үміткер болған»: Абай облысында асылып қалған бір мектептің 2 оқушысына қатысты тың ақпарат шықты
«Алтын белгіге үміткер болған»: Абай облысында асылып қалған бір мектептің 2 оқушысына қатысты тың ақпарат шықты
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
4,572
оқылды
Қайғылы оқиға Абай облысы Жарма ауданының Үшбиік ауылында болған, деп хабарлайды Abainewskz. Ақтайлақ би атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларынан зәбір көрген 9-сынып оқушылары бір уақытта өздеріне қол жұмсаған. Олардың біреуі уақытында құтқарылған, ал 15 жастағы Айқын есімді екінші бала көз жұмды. Көз жұмған Айқынның сыныптастарының айтуынша, қайғылы жағдайға дейін 11-сынып оқушылары жасөспірімді бірнеше рет ұрып-соғып, психологиялық қысым көрсеткен. Мұғалімдер мен мектеп басшылығы жоғары сынып оқушыларының бұл әрекетінен хабардар болса да, артық шу шығармас үшін оқиғаны жасыруға тырысқан. Оқиғадан бір күн бұрын жоғары сынып оқушылары оларды ұрып-соққан. Төбелес кезінде 9-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылыпты. Келесі күні мектепке бармас үшін 9-сыныптың тағы екі оқушысы бір уақытта өздеріне қол салған. Дер кезінде жеткен көмектің арқасында олардың бірі құтқарылып, ауруханаға жатқызылды. Қайтыс болған Айқынның туыстары оның тәрбиелі бала болғанын, жақсы оқығанын, қызыл аттестат пен алтын белгіге үміткер болғанын айтады. Ата-аналар кінәлілерді қатаң жазалауды сұрайды.