Астанада балабақша ашылды
Астанада балабақша ашылды
361
оқылды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңа балабақшаның ашылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қаланы аралау барысында, сол сияқты тұрғындармен кездесуде де әлеуметтік нысандар салу мәселесі көтеріледі. Көлем бойынша қазіргі деңгейді сақтап қана қоймай, әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық пунктер, әлеуметтік тұрғын үйлер және т.б.) санын да арттырамыз.
Мәселен, алдағы оқу жылына 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 25 ірі мектепті жобалау жұмысы басталды. Жаңа форматтағы білім ордаларының құрылысын 2023 жылы бастаймыз. Сол сияқты келер жылы жекеменшік балабақшаларға арнап 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс беруді, сол арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруды жоспарлап отырмыз.
"Бүгін қарқынды дамып келе жатқан ауданда №98 «Мирас» мемлекеттік балабақшасы ашылды. (Есіл ауданы, Күлтегін көш.). Балабақшаның сыйымдылығы 300-ге жуық орынды құрайды. Мұнда ойын және музыка бөлмелерінен бөлек педиатр, логопед, психолог кабинеттері, сондай-ақ емдеу кабинеті қарастырылған медициналық кабинет бар. Бұл мекемеде инклюзивті білім беруге де жағдай жасалған. Балабақша 2023 жылдың қаңтарынан бастап толық жұмыс істейтін болады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.