Қостанай облысындағы жол апатында екі көлік өртеніп, екі адам қайтыс болды
Қостанай облысындағы жол апатында екі көлік өртеніп, екі адам қайтыс болды
247
оқылды
17 желтоқсанда Қостанай облысында жол апаты салдарынан екі көлік өртеніп, екі адам қаза тапты.
"Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай – Қарабұтақ тасжолының 275-шақырымында жолаушылар көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы келе жатқан қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Газель" автокөлігіне соғылды. Салдарынан екі көлік те жанып кетті", - деді Қостанай облысының Полиция лдепартаменті.
Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, "Газель" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазір  жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы ( "Жол жүрісі ережелерін бұзу") негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қостанай облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдықты шектеуге шақырды.