Қостанайда 45 жастағы әйел зейнеткерді пышақтап өлтірді  
Қостанайда 45 жастағы әйел зейнеткерді пышақтап өлтірді  
Фото: yandex.kz
1,130
оқылды
Қостанайда 45 жастағы қала тұрғыны зейнеткерді 15 рет пышақтап өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. AstanaTV-ның мәліметінше, ол қарияның алтын әшекейлеріне қызыққан. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Айыптау актісіне сәйкес күдікті әйел зейнеткерді аңдып үйіне дейін барған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде қарияға тап беріп, кеудесіне және мойнына бірнеше рет пышақ сұққан. Қария кісі қолынан қаза тапты. Ал күдікті марқұмның алтындарын олжалап, оқиға орнынан із жасырған көрінеді.
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова: «Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша айыпталып отырған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Келесі сот отырысы 26 желтоқсанға белгіленді», – деді.
Бұған дейін бірінші бала-шағасын, соңынан өзі асылып өлген ер адам туралы жазған болатынбыз.