Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» ПҚО бойынша іс-шара барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі және деструктивті діни ағымды ұстанушы Алға ауданының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Ақтөбе облысының Полиция департаменті.
«Тінту кезінде оның тұрғылықты жерінде «Макаров» тапаншасы, 12-калибрлі «Моссберг» аңшы мылтығы, 38 дана 9-калибрлі (ПМ-дан) патрондар, 19 дана 12-калибрлі патрондар, бронезер, аңшылық пышағы, 18 дана діни кітаптар табылды» деп хабарлады Polisia.kz.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.