Қырғызстан президенті ішкі істер министрімен құда болды
Қырғызстан президенті ішкі істер министрімен құда болды
349
оқылды
Қырғызстан ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қызын ел президенті  Садыр Жапаровтың жиеніне тұрмысқа берді. Сөйтіп, Жапаров пен Ниязбеков құда атанды.  Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар бұрыннан таныс. Бірнеше апта бұрын олар қыз ұзату рәсімін жасаған. Той 17 желтоқсанда Бішкектегі "Асман" мейрамханасында өткен. Мерекелік басқосуға бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар мен саясаткерлер шақырылған. Ал мейрамхананың кіреберісіне металл іздегіші бар күзетшілер қойылғаны жазылады. Той уақыты кезінде қонақтарға ұялы телефондарды немесе кез келген басқа жазу құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмегені айтылады. Ал тойға мемлекет басшысының қатысқан немесе қатыспағаны әзірге белгісіз.