Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев ғылым, техника және инновацияларды дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын айтқан болатын. Аталаған бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы да өзінің өлшеусіз үлесін қосуда. Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-талдамалық орган ретінде Ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы көзделген. Елордалық ғылыми-сараптамалық топ құрамында саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, заңгерлер, сарапшылар, сондай-ақ зерттеу институттарының жетекшілері және белгілі қоғам қайраткерлері бар. Өз қызметінде ол этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша Ассамблея қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу; этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары үшін ұсынымдар әзірлеу; этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, ғылыми-сараптамалық кеңестің зерттеу саласындағы ғылыми саясатты қалыптастыруға қатысуы сынды және т.б. маңызды міндеттерді атқарады. Мемлекет басшысының елді жаңғырту жөніндегі идеяларын ілгерілету бойынша зияткерлік алаң ретіндегі ғылыми-сараптамалық топтың орны ерекше екенін атап өту орынды. Қалалық ғылыми-сараптамалық топ құрамында 2 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 7 сарапшы мамандар бар. Биылғы 2022 жылы, ғылыми-сараптамалық топтың ұйымдастыруымен Республика күні ұлттық мерекесіне орай «25 қазан – Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Шараға жақын және алыс шетелдерден ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері, елордалық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер қатысты. Іс-шараның модераторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Л.Н. Гумилева ЕҰУ тарих факультетінің деканы Тілеген Садықов ашты. Шараға сонымен қатар, ҚХА төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Даурен Бабамуратов, Түркия Республикасының бұрынғы Мәдениет министрі Кемал Намык және т.б. қатысып, ел Тәуелсіздігі жылдарындағы негізгі жетістіктерді, тарихи байланыстардың жемісті дамуын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың бірегей саяси моделі сөзге тиек етілді. Жаңа Қазақстанды құру бойынша жүргізілетін реформаларда жастардың орны айрықша. Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы, өз ұстанымдарын қорғауы, идеяларын ұсынуы және оларды іске асыруға көмектесу керек деп санайды. Осы пікірді алға қойып, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері жастармен жұмыс жүргізуге де көп көңіл бөледі. Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері үшін патриоттық тәрбие беру және қоғамдық қызмет дағдыларын дарыту мақсатында студент және оқушы жастармен кездесулер дәстүрге айналған. «Ассамблея күндері» аясында Л. Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Еуразиялық гуманитарлық институтында, Астана медицина университетінде және Esil University-де жоғары оқу орындарының 600-ге жуық студеттерімен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараларда жалпы Ассамблеяның, оның құрамындағы этномәдени бірлестіктердің және «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметі таныстырылды. Шығармашылық номерлер көрсетіліп, Ассамблея көрмесі өтті. Топ мүшелері «Этносаралық келісім» тақырыбында Астана қаласы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін ғылыми жұмыстар байқауында жұмыстарды іріктеу комиссиясының мүшелігінде болып, қорытынды конференциясын өткізді. Этносаралық келісімді нығайту, студент жастардың ғылыми әлеуетін тарту және жастарды этносаяси процестерге тарту мақсатында этносаралық келісім тақырыбында ұйымдастырылған байқауға 20-дан астам ғылыми жұмыс ұсынылды, оның қорытындысы бойынша 5 номинация бойынша марапаттау ұйымдастырылды. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына орай ғылыми-сараптамалық топ мүшелері елорданың арнайы және жалпы білім беретін мектептерінде білім басқармасымен бірлесе отырып «Алаш» тақырыбына арналған апталық ұйымдастырды. Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері сонымен бірге, 2020 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Жаппай саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның» Астана қаласы бойынша өңірлік комиссиясының мүшелері болып табылады. Комиссия жұмысының шеңберінде желтоқсан айында 2022 жылғы жұмыстың нәтижесі ретінде «Ақмола өңірі архив құжаттарында. 1920-1940 жж.» құжаттар жинағының тұсаукесерін ұйымдастыру және алдағы уақытта Мемлекет тарихы институтымен бірлесе отырып, қоғам қайраткері, ғалым, биология ғылым докторы Кәрім Мыңбаевқа қатысты еңбектің де тұсаукесері жоспарлануда. 2022 жылдың қорытынды отырысында атқарылған жұмыстар сарапталып, алдағы жылға үлкен жоспаралар мен жобалар өткізу мәселесі талқыланды.