Түркістан облысында жалған дипломды пайдаланған мұғалімдерді тергеп жатыр.
Полиция департаменті Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту департаменті жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша 10 қылмыстық істі тергеп жатыр.
Онда түпнұсқасы жоқ жоғары білім дипломын пайдаланған 11 мұғалімге ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша айып тағылған.
Оның ішінде бес іс – мектеп мұғалімдеріне, бесеуі балабақша тәрбиешілеріне қатысты болып отыр.
Сонымен қатар Түркістан, Сауран, Сарыағаш, Шардара аудандық полиция бөлімдерінде ҚР ҚК 385-бабымен 41 мұғалімге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған.
Қызметкерлерден толық жауап алынды. Қажетті сот-техникалық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Түркістан облысында жалған дипломмен 324 мұғалім ұсталды.