Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр желілері тоз-тозы шыққанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министрдің айтуынша, электр желілерінің шамамен 66 пайызы тозған. Мәселен, бұл көрсеткіш Шығыс Қазақстанда 81 пайыздан асып кетті. Салдарынан биыл 2021 жылмен салыстырғанда технологиялық бұзылу саны 183-ке, өндірістік жарақат алу саны 7-ге көбейді.
Ол сондай-ақ Қазақстандағы 12 жылу электр орталығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінетінін айтты. Тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеу үшін 182 млрд теңге қажет.
Бүгінде электр стансаларынан түсетін табыс жөндеуге жетпейді.
Биыл қыстың басында Риддер, Екібастұз, Рудный, Өскемен қалаларындажылу жүйесінен ақау шығып, тұрғындар жылусыз қалды.