Тозығы жеткен 12 жылу электр орталығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінеді – Болат Ақшолақов
Тозығы жеткен 12 жылу электр орталығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінеді – Болат Ақшолақов
Фото: sputnik.kz
442
оқылды
Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр желілері тоз-тозы шыққанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Министрдің айтуынша, электр желілерінің шамамен 66 пайызы  тозған. Мәселен, бұл көрсеткіш Шығыс Қазақстанда 81 пайыздан асып кетті. Салдарынан биыл 2021 жылмен салыстырғанда технологиялық бұзылу саны 183-ке, өндірістік жарақат алу саны 7-ге көбейді. Ол сондай-ақ Қазақстандағы 12 жылу электр орталығын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінетінін айтты. Тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеу үшін 182 млрд теңге қажет. Бүгінде электр стансаларынан түсетін табыс жөндеуге жетпейді. Биыл қыстың басында Риддер, Екібастұз, Рудный, Өскемен қалаларында жылу жүйесінен ақау шығып, тұрғындар жылусыз қалды.