Орталық Азия медиа форумы: жаһандану дәуірінде бүгінгі ақпараттық кеңістікпен шектеліп қалмау керек (фото)
Орталық Азия медиа форумы: жаһандану дәуірінде бүгінгі ақпараттық кеңістікпен шектеліп қалмау керек (фото)
Фото: Е.Омаров
1,314
оқылды
Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен бірінші рет Орталық Азия медиа форумы өтті. Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, экс-президенттер, халықаралық ұйымдардың басшысы, медиа саласының мамандары қатысты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Түркияның 11-президенті Абдулла Гүл, Моңғолияның 3-президенті Намбарын Энхбайар, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетовтер қатысып, өз пікірін айтты.   [caption id="attachment_233071" align="alignnone" width="1504"] width= Фото: Е.Омаров[/caption] Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медиа форумға арнаған құттықтау лебізін оқып берді.
«Біз жаһандану дәуірінде бүгінгі ақпараттық кеңістікпен шектеліп қалмауымыз керек. Бірлескен медиа өнімдер жасап, ортақ құндылықтарды халықаралық деңгейде дәріптеу аса маңызды. Сол арқылы Орталық Азия елдерінің жасампаз идеяларымен жарқын ісін жер жүзіне танытамыз. Бүгінгі алқалы жиын мазмұнды әрі мағыналы өтіп, елдеріміздің сан-салалы байланыстарын нығайта түсетін дәстүрлі бас қосуға айналады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, береке тілеймін!» – деп жазылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында.
Форум медиа саласын дамыту мен тәжірибе алмасуға арналды.   [caption id="attachment_233086" align="alignnone" width="1339"] width= Фото: Е.Омаров[/caption] Жиынға қатысқандардың ішінде «Валдай» халықаралық пікірталас клубының даму және қолдау қоры басқармасының төрағасы Андрей Быстрицкий ақпарат ағыны көбейген кезде қазіргі журналистикадағы ахуал туралы айтты. Оның пікірінше, ақпараттың көптігі, дереккөздердің әртүрлі мәлімет таратуы оны електеп өткізіп отыруды қиындатты. Ұзақ уақыт зерттеп жазылған дүние баспасөзде жарияланғанымен, қыруар еңбек жедел ақпараттың тасасында көрінбей қалып жатыр.   [caption id="attachment_233073" align="alignnone" width="1620"] width= Фото: Е.Омаров[/caption] Орталық Азия медиа форумының «Бейбітшілік этикасы» тақырыбындағы сессияда сөз сөйлеген Димаш Құдайберген соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі XXI ғасырдың да ең өзекті мәселесінің бірі екеніне тоқталды. Әншінің айтуынша, елдің амандығы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеу керек.   [caption id="attachment_233074" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: bizmedia.kz[/caption]
«Түрлі әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің ең басты кілті – сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатиялық, адами қарым-қатынас мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатты құрметтеуі. Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш рет хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, мыңдаған жыл ішінде яғни, бес жарым мың жыл ішінде адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген деседі. Бұл өкінішті жайт. Адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермендігін көрсетеді. Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы құлдырап жатыр. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын тартуда. Мұның барлығы бейбітшілік еткен жерлер, берекесіздік жайлайтындығының айғағы. Соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі XXI ғасырдың да ең өзекті мәселесінің бірі болып тұр. Біз неліктен мыңдаған жылдар бойы тату ғұмыр кешуді үйрене алмай келеміз? Осы сұрақ мені көптен бері мазалайды. Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жалпы адамзаттың ортақ мүддесі үшін неге біріге алмай келеміз? Бізге не жетпейді? Сондықтан әрқашан дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз. Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болсын. Ең бастысы, біздің өскелең ұрпаққа түсіндіретініміз ата-баба қанымен келген Тәуелсіздікті қорғауымыз керек. Еліміздің амандығы үшін жұмыс жасауымыз керек», – деді Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиынға келген Орталық Азия медиа форумының қатысушыларын қабылдады.   [caption id="attachment_233076" align="alignnone" width="2000"] width= Фото: akorda.kz[/caption] Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушылары – Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен,  Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен және Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесті. Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жаңғыруларға оң баға берді.   [caption id="attachment_233077" align="alignnone" width="2000"] width= Фото: akorda.kz[/caption] Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, елдер арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді. Кездесу барысында халықтарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты. [caption id="attachment_233078" align="alignnone" width="1620"] width= Фото: Е.Омаров[/caption] [caption id="attachment_233079" align="alignnone" width="1620"] width= Фото: Е.Омаров[/caption] [caption id="attachment_233080" align="alignnone" width="1620"] width= Фото: Е.Омаров[/caption] [caption id="attachment_233082" align="alignnone" width="1620"] width= Фото: Е.Омаров[/caption] [caption id="attachment_233084" align="alignnone" width="1620"] width= Фото: Е.Омаров[/caption]