Бас прокуратура Михаил Козачковтың ұсталуына орай Қаржылық мониторинг агенттігіне қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Михаил Козачковтың ұсталуына орай Қаржылық мониторинг агенттігіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ainews.kz
297
оқылды
 ҚР Бас прокуратурасы журналист Михаил Козачковтың ұсталуына байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан баспасөз хабарламасының заңдылығын тексереді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде сот үкімі шыққанға дейін тұлға кінәлі деп саналады. Күдік мәні – тұтқындау болды, оны бәріңіз көрдіңіздер. Жекелеген мәселелерге, баспасөз хабарламасына қатысты айтар болсам, тексеру жүргізіліп жатыр», – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ведомствоның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Өз кезегінде Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев тексеру жекелеген факті бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылай түсті. Бұған дейін хабарланғандай, 18 желтоқсан күні Қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек көрсетті деген күдікпен ұстады. Кейін Алматының тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамау туралы шешім шығарды.