«Ал Apple-ге Қазақстанда өндіріс ұсыну қисынға келмейтін сияқты. Қазақстанда смартфон шығару үшін бәсекелестік басымдық жоқ. Сонымен қатар аталған өнімде қолданылатын өңделген сирек кездесетін металдар, арзан жұмыс күші де жоқ. Сондықтан нақты Apple-мен Алматыда сауда жөніндегі ресми өкілдігін ашу жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Бізге Apple мұндай деңгейдегі мәселелердің шешілуіне шамамен 3-4 жыл уақыт кететінін алға тартып отыр», – деді ол.
Айбике ЖАНАСЫЛ