Қазақстанда бір тәулікте 271 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 523 адам коронавирустан (–2 399+ және 124 КВИ-) емделуде, оның ішінде 333 пациент стационарда, 2 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 14 адамның жағдайы ауыр,
– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.