Астанада көлік кептелісін реттеуге көмектескен жігіт ескерту алды
Астанада көлік кептелісін реттеуге көмектескен жігіт ескерту алды
2,098
оқылды
Астанадағы үлкен көшелердің бірінде көлік қозғалысын реттеген жігіт полицейлердің назарына түскен. Тәртіп сақшылары келемін дегенше, оған жүргізушілер бағынған. Алайда полиция азаматтарға құқық бұзудың мұндай жағдайында жауапкершілік бар екенін ескертті. Полиция аталған факті бойынша 24 жастағы ер адаммен профилактикалық жұмыс жүргізген.
"Астана Полиция департаменті мұндай әрекеттер, әсіресе кешкі уақытта және шағылысатын элементтерсіз өмірге қауіпті екенін, сонымен қатар көліктердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін екенін ескертеді. Ал бұл жағдайда, бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуі туралы сигнал түсе салысымен полицейлер көше қиылысындағы жағдайды бақылауға алды", - деді Астана ПД ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік жас жігіттің жол қозғалысын реттеп, өзі қоғамдық көлікке мініп кеткені туралы видео тараған. Ал полиция азаматтарға мұның адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін ескертіп, мұндай әрекетті жасамауды ескертті.