Сенат бюросының мүшелері 2022 жылғы 26 желтоқсанда өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Алдағы Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.
Заң жобасында халықтың әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсарту, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың инженерлік желілерін, автожолдарын салу және жөндеу мәселелеріне қатысты нормалар бар.
Бұдан басқа, құжаттың міндеттері жанар-жағармай материалдарын бөлу жүйесін реформалау, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударымдарды есептеу, Үкіметке елде өндірілетін, әкелінетін немесе өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын бекіту бойынша құзыреттер беру, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер қарастырылған.
Сонымен қатар Палата отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да енгізілді.
Аталған заң жобасы сот жүйесін, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіруге, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуға және оның юрисдикциясын пайдалануға бағытталған.