Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған
Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған
758
оқылды
Оралдағы сауда орталығында әйел жараланып қалды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы. Оқиға 25 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығында болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметіне қарағанда, қоңырау сағат 10.03-те түскен.
"Оң аяғының үштен бір бөлігі жыртылып, жарақаттанған 1982 жылғы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Аяғы эскалаторға қысылып қалған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Бұл ақпаратты полиция да растады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.