Алматыда шахматтан әлем чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан әлем чемпионаты басталды
237
оқылды
Алматы қаласында рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Министрлік мәліметінше, оңтүстік астанадағы турнирге әлемнің 50 елінен 300-ге жуық шахматшы, халықаралық төрешілер мен ФИДЕ өкілдері келген. Жарыс 30 желтоқсанға дейін жалғасады және оның жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды. Чемпионаттың ресми ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және басқалар қатысты.