Семейдегі апат: ЖЭО-да көмірді үздіксіз қолмен салған әскерилер марапатталды
Семейдегі апат: ЖЭО-да көмірді үздіксіз қолмен салған әскерилер марапатталды
432
оқылды
Семей қаласының әкімі қазандыққа отын салатын жүйесі істен шыққан ЖЭО-да көмірді үздіксіз қолмен салып шыққан әскерилерді марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    width= Айта кетейік, 15 желтоқсанда сағат 00.34-те Семейдегі №1 ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері өртенді. Сағат 01.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қазандыққа отын салатын жүйе істен шықты. Сол кезде ТЖМ 68303 және ҚМ 28738 әскери бөлімінің жеке құрамы жалпы көлемі 34 тоннаға жуық көмірді қазандық агрегатына үздіксіз қолмен салды.   [caption id="attachment_233698" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: gov.kz[/caption] Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов сарбаздармен кездесіп, алғысхат табыстады. Семей халқын апат болса да, үздіксіз жылумен қамтамасыз еткен сарбаздарға алғыс айтты.