Өткен тәулікте 163 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 663 адам коронавирустан (-2 521 + және 142 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 350 пациент стационарда, 2 313 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 11 адамның жағдайы ауыр;
– 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.