Paramount компаниясының ТМД және Балтық елдеріндегі балалар мен ойын-сауық брендтерін дамыту жөніндегі вице-президенті Мария Косареваның айтуынша, келер жылы қазақстандықтар қазақ тіліне аударылған мультфильмдердің 400 бөлімін тамашалай алады. Сондай-ақ ол қазақстандық көрермендер келесі жылы «Маржан лагері: Спанч Бобтың балалық шағы» анимациялық фильмінің де жалғасын көре алатынын жеткізді. «Бұл достық, әртүрлі мінезді адаммен тіл табыса білу туралы оқиға. Оны International мен Үндістан Nicke-lodeon бірлесіп жасады. Ал мультфильмге уақыт көлігін тауып, сонымен саяхаттайтын екі немерелес ағайындының бастан кешкені арқау болып отыр. Бұл шоу Батыс пен Шығыс мәдениетін біріктіре отырып Үндістан туралы көп айтады», – деді Мария Косарева.