Тыныштық күзетінде жүріп көз жұмды
Тыныштық күзетінде жүріп көз жұмды
1,098
оқылды
«Қасіретті қаңтар» оқиғасында талай отбасы қара жамылды. Бірі асыраушысынан айырылса, енді екіншісі бауыр еті баласын қара жердің қойнына тапсырды. Әрине, «тас түскен жеріне ауыр». Қаңтардың ызғары жұрт жүрегін аяздай қарығаны анық. Десе де, Үкімет тарапынан жапа шеккендер мен қаза тапқан аза­маттардың отбасына барлық көмек көрсетілді. Жамбыл облысының тұр­­ғыны Зарина Құлбаеваның жү­р­егінде қаңтардағы бүлік өш­пес із қалдырды. Ол тәртіпсіздік ке­зінде отағасы, Тараз қаласы По­лиция басқармасының 1-бө­лімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Рахат Слан­бековтен айырылып қалды. Отан алдында берген антына адал болған Рахат Нұрлыбай қақ­тығыс кезінде оққа ұшып, көз жұмды. Сол күндерді Ра­хаттың әріптестері былайша еске алады.
– Кезекті жұмыс күні бо­латын. Бізге бейбіт митинг өте­тіні, алайда қоғамдық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету туралы тапсырма келіп түсті. Орталық алаңдағы наразылық шеруі бейбіт басталғанымен, қараңғы түсе басқаша сипат ала бастады. Әрине, біз шеруге шыққандарға күш қолданған жоқпыз. Ке­рісінше, жиналғандарды са­бырға шақыруға тырыстық. Бірақ жастардың бойында ашу-ыза басым болды. Әріптес­те­рімнің ешқайсысында қару болмады. Себебі бізге оқ атуға рұқсат берілмеді. Осылайша, халықты сабырға шақырып жатқанымызда кенеттен атыс басталып кетті. Айналамда не болып жатқанын түсінбей қал­дым. Орталық алаңда беймәлім біреулер бізге қарай оқ жау­дырды. Тоқтамай атты. Сол сәт­те менің арқама оқ тиді. «Ра­хат, Рахат арқам ауырып барады» деп әріптесіме қарасам, ол етпе­тінен жатыр. Тілге келмей жан тапсырды. Негізі, көлік ішінде үш адам болғанбыз. Машинаға бас-ағы 13 оқ тиген. Соның бі­реуі әріптесімізді ажал құш­тыр­ды, – дейді Нұрсұлтан Қозиев.
күзет Өз өмірінен қоғам қауіпсіз­дігін биік қойған Рахат Слан­бековтің қазасынан кейін оның отбасына мемлекет тарапынан 5 миллион теңге көлемінде қар­жылай көмек көрсетілді. Сон­дай-ақ Тараз қаласындағы 15- ықшамауданнан 3 бөлмелі пә­тер кілті табыс етілді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қа­сым-Жо­март Тоқаевтың Жар­лы­ғымен марқұм ІІ дәрежелі «Ай­бын» орденімен наград­талды. Рахаттың жары Зарина Қай­­рат­қызы тағдырдың жазға­нына көнгенін, енді тек бала­ларының болашағы үшін өмір сүріп жат­қанын айтады.
– Мемлекет тарапынан бар­лық қолдау көрсетілді. Ешкімге айтар өкпеміз жоқ. Тағдырдың жазғаны солай болар. Рахат көз алдымыздан кеткенімен, жүре­гімізде мәңгі қалды. Оның бей­несін әріптестері де ұмытпайды деп ойлаймын. Есімін естісем көңілім босап, жанарыма жас үйіріледі. Әрине, тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Қазір Рахаттың артынан қалған бес баланы же­тілдіріп, ешкімнен кем қыл­ма­сам дегенді ғана ойлап жүрмін. Көңіл бөліп, жолдасымды еске алып жатқан барша азаматқа алғыс айтамын. Ел басына енді мұндай күн тумасын. Хал­қым­ның, же­рім­нің аман болғанын тілей­мін, – дейді марқұмның жары.
Арада бір жыл өтсе де, За­рина Қайратқызына жолдасы Рахатты еске алып, отағасы ту­ралы айту қиынға соғып тұрға­нын біз де сезіндік. Қазір ана жүрек ең бірінші балаларының болашағына алаңдаулы. Ел үшін туған ердің артынан қалған пер­зенттері аман болып, әкесіндей қаһарман азамат болып өссін деп тілейміз!

Жамбыл облысы