Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» КЕАҚ Басқарма төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға сотталды.
Тергеуде университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және заңсыз сатқаны дәлелденді. Жалпы университетке 95,5 миллион теңге шығын келген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.