Өткен бір тәулікте елімізде 231 адамнан коронавирус, 11 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жалпы, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан (коронавирус (КВИ+) –2 480, пневмония (КВИ-) –141) 2 621 адам емделуде. Оның ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:– 8 адамның жағдайы ауыр;
– 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.