Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Ахметовтікі, Павлодарда Бақауовтікі, Астананың маңайы Шөкеевтікі – депутат
Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Ахметовтікі, Павлодарда Бақауовтікі, Астананың маңайы Шөкеевтікі – депутат
© qamshy.kz
424
оқылды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке жердің қашан қайтарылатынын айтып, сұрақ қойды, – деп хабарлайды BAQ.KZ.

– "Ербол Шырақбайұлы, жаңа әдемі баяндама жасадыңыз. Бірақ «мыңдаған гектарды қайтарып жатырмыз» деген сөзіңізге елдің сәлемін жеткізгім келіп отыр. Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Қолы күштілер бұрынғы қалпында қалып отыр. Жердің иелерін тақтаға жазып, көрсетуге кім кедергі? Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі. Павлодарға барсаңыз, Бақауовтікі, Астананың маңайындағы Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр. Баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Халық наразы болып отыр. Халыққа жер жетпей отыр. Әдемі баяндаманың орнына қашан қолға аласыздар?", – деді депутат Мәжілісте.
Берік Дүйсенбинов жер иелерінің аты-жөнін жазу керегін айтты.
– "Неге атын жазуға ұяласыздар? Бұрынғы отырған байлар солай әлі отыр", – дейді Мәжіліс депутаты.
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңының жобасын бірінші оқылымда таныстырды.