Ресейден 21 компания көшті
Ресейден 21 компания көшті
422
оқылды
Биыл Қазақстанға Ресей­ден 21 кәсіпорын көшкен, тағы 13-і пысықталып жатыр.
«Ресей мен Беларусьте өз қыз­метін тоқтатқанын жариялаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды Қазақстанға көшіру бойынша жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Әлемнің 37 елінен 362 ірі компанияның тізімі жасалды. Бүгінде 21 компа­ния көшірілді. Қазақстанға 13-і пысықталып жатыр, тағы 28 ком­па­ния бойынша белсенді келіс­сөз­дер процесі жүріп жатыр», – деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.
Министрлік өкілі Қазақстан­ның Еуразия құрлығы орталығын­да орналасқанын ескере отырып, транзиттік және логистикалық әлеуетінің нығайып келе жат­қанын айтты. Оның айтуынша, ел экономикасында логистикадағы халықаралық қызметтердің тұтас бір саласы қазірдің өзінде қалып­тасқан.