Антикор Назарбаевтың туыстарын тексеріп жатқаны рас па?
Антикор Назарбаевтың туыстарын тексеріп жатқаны рас па?
Фото: newsroom.kz
705
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов "Қазақстанның бұрынғы президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары тергеліп жатыр ма?" деген сұраққа жауап берді.   Келесі жылдың басында Тұңғыш Президент пен оның туыстарына қатысты заңның күші жойылатыны белгілі. Осыған орай Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов «Антикор Тұңғыш Президенттің туыстарына қатысты материалды жинап жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді.
"Қазір бұл туралы айту қиын. Заңнамалық нормалар  бар екенін түсіну керек. Дәлелдер болуы қажет. Барлық мәселе құқықтық өрісте шешіледі. Барлығы осыны түсінгені дұрыс", – деп атап өтті агенттік төрағасының орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ алдағы уақытта олар (Елбасының туыстары – ред.) жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе деген сұраққа тоқталды.
"Дәлелдер базасы болуға тиіс. Мүмкін бе, жоқ па, ол туралы ештеңе айта алмаймын. Иә, барлық азаматтар секілді  оларды да (жауапқа) тартуы мүмкін", – деді Ұлан Сарқұлов.