Шымкентте 2 миллион теңге алу кезінде ұсталған полицей 20 миллион теңге беріп қамаудан шықты
Шымкентте 2 миллион теңге алу кезінде ұсталған полицей 20 миллион теңге беріп қамаудан шықты
Фото: 24.kz
536
оқылды
Күдіктіден 2 млн теңге алу кезінде ұсталған Шымкент қалалық Полиция  департаменті Абай аудандық полиция басқармасы бөлім басшысы Мейірбековті қалалық тергеу соты 20 млн теңге кепілмен қамаудан босатты. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне қалалық сот хабарлады. Тергеу жағы Мейірбековтің бас шарасын «күзетпен ұстау» түрінде сұраған. Бірақ сот оны кепілмен босатқан. Кепіл мөлшері 20 млн теңге деп белгіленген. 27 желтоқсанда қалалық Полиция департаменті Өзіндік  қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерін алаяқтық қылмысына қатысы бар әйелден сот үкімінің оң шешілуіне жәрдемдесемін деп 2 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен (190-бап) қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.