Биыл мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны кімдер алды?
Биыл мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны кімдер алды?
Фото: akorda.kz
1,365
оқылды
2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы өкімге қосымшаға сәйкес, 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін», – деп жазылған Жарлықта.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 2 өкіміне қосымша: 2022 жылғы мәдениет саласындағы  мемлекеттік стипендия иегерлері:  Әдебиет қайраткерлері  
Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  
Ақсұңқар Серік – 1950 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Әбдікәкімов Тыныштықбек – 1953 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері  
Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері  
Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері  
Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» және  «Парасат» ордендерінің иегері  
Елубаев Смағұл – 1947 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ерманов Жүрсін   – 1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Есенқарақызы Ханбибі – 1949 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері  
Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және IIІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері  
Жолдасбеков  Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Жүнісов Ерлан – 1984 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері  
Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,   «Құрмет» орденінің иегері  
Қасенов Дәурен   – 1974 жылы туған,  ақын,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  
Қосылбеков Дидар   – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  
Түменбаев Қуандық – 1955 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  
Медетбек Темірхан – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Мүбарак Бағдат   – 1978 жылы туған, ақын, халықаралық поэзия фестивалінің лауреаты  
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Нұржан Светқали   – 1962 жылы туған, ақын, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері  
Нұржекеев Бексұлтан – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты  
Салықбаева Гүлнар – 1963 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  
Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері        
Өнер қайраткерлері  
Ахметова Шайза   – 1948 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі  
Әбішев Қайролла – 1965 жылы туған, модельер-дизайнер, «Құрмет» орденінің иегері  
Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, актер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Достық»  ордендерінің иегері  
Бекетаева Әйгерім – 1991 жылы туған, балет әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Бегайдаров Қоныспек – 1957 жылы туған, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Вербовой Богдан – 2002 жылы туған, балет әртісі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты  
Демеуов Бейімбет – 1964 жылы туған, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Жаманқұлов Тұңғышбай – 1948 жылы туған, актер, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,  «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері  
Еслямова Самал – 1984 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Есмағамбетов Айдос – 1986 жылы туған, мүсінші  
Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ерболат Жасұлан   – 1990 жылы туған, актер  
Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері  
Жақып Құттыбек   – 1961 жылы туған, суретші
Жұбаниязов Өмірбек – 1964 жылы туған, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Исалиева  Бибігүл     – 1967 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Исмаилов Өмірәлі   – 1970 жылы туған, суретші  
Исмағұлов Оразақ – 1930 жылы туған, антрополог, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Қалиламбекова Қорлан   – 1944 жылы туған, опера әншісі, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері  
Клушкин Юрий   – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Қазиев Ермек   – 1947 жылы туған, күйші-домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері  
Қойшыбаев Абай – 1983 жылы туған, күйші, өнертану магистрі  
Қазақбаева Күлжамал – 1949 жылы туған, актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
Лебсак Ирина – 1963 жылы туған, актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Мәлібекұлы Жандарбек     – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы  
Мықтыбаев Батыржан – 1978 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Мұсаходжаева Раушан – 1955 жылы туған, қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Молдағали  Фархат   – 1993 жылы туған, актер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  
Нарбеков  Мұрат – 1988 жылы туған, әртіс, халықаралық конкурстардың лауреаты  
Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және II дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері  
Нұрмағанбетов Дінислам   – 1998 жылы туған, актер  
Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, режиссер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, актер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Осман Асле – 1941 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Разиева Гульвер   – 1936 жылы туған, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Сүлеев Әубәкір – 1947 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Ысқақов Біләл – 1954 жылы туған, күйші-домбырашы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
______________________________