Әділ қоғам құрудың негізі – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықты жою
Әділ қоғам құрудың негізі – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықты жою
Фото: kazpravda.kz
307
оқылды
Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ірі квазимемлекеттік сектордың ұйымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді. Әділ және адал қоғам құрудың негізгі бастамаларының бірі – квазимемлекеттік сектордың арасында сыбайлас жемқорлықты жою. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау алғышарттарын жоюға бағытталған іс-шаралар қаланды.    width= Осыған байланысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің қызметі мәселелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның үйлестіруші рөлі күшейтілді. Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасы бойынша Тұжырымдама шеңберінде елордада квазимемлекеттік сектордың 43 ұйымында жекелеген штаттық қызметкерлермен комплаенс қызметі енгізілді. Бүгін кездесу қос форматта өткізілді, офлайн форматта елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ірі ұйымдар, сондай-ақ жыл сайынғы ірі мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпаз ұйымдары қатысты. Онлайн форматта Астана қаласы бойынша квазимемлекеттік ұйымдардың барлық комплаенс офицерлері қосылды. Комплаенс офицердің маңызды жұмыстарының бірі – жұмыс принципі бойынша бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық алғышарттарын ерте сатыда анықтайтын ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бірінші орынбасары И.С. Базилов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы талдау жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл көбінесе сыбайлас жемқорлық алғышарттарының пайда болуына жол бермейді, нәтижесінде, бірінші басшыларды қылмыстық жауапқа тартуға әкеледі. Мәселен, «Астана АЭК» АҚ, «Астана-энергия» АҚ, онда талдау қорытындылары бойынша жоғарыда аталған ұйымдардың қызметінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, жүйелі жұмыстың нәтижесінде жойылды.