Екібастұзда су құбырында ақау болды
Екібастұзда су құбырында ақау болды
280
оқылды
Екібастұзда тағы да төтенше жағдай болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Бүгін, 30 желтоқсанда сағат 16:00 кезінде «қалалық су арнасы» МҚК су тазалау құрылғылары орналасқан аумақта мекеме қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда (топырақтан су шығып жатқан) техникалық су жүйесінің диаметрі 500 мм болатын (пластикалық құбыр, ЖЭО-ға сағатына 700 тонна су жіберуге арналған) бөлігіне зақым келген. Соның салдарынан ЖЭО-ға су бармай қалған. Қазір су диаметрі 150 мм болатын ауызсуға арналған құбыр арқылы (сағатына 150 тонна) жіберіліп жатыр. Екібастұздағы апат болған жерде облыс әкімі Асайын Байханов, оның бірінші орынбасары Хасар Қабылбеков, Екібастұз әкімі Аян Бейсекин, Павлодар облысы ТЖД-ның бастығы Жасұлан Жұмашев барды, ақауды жоюға ТЖ, "Горводоканал" ҚКК, "Екібастұзжылуэнергиясы" ЖШС-ның ресурстары жұмылдырылды.