Сенат депутаттарының сайлауы өтеді
Орталық сайлау комиссиясы Сенат сайлауына кандидатура ұсыну аяқталғанын айтты. Биыл сайлауға 130 үміткер қатысады.
Сенат депутаттығына сайланатын кандидаттардың шығын мөлшері 550 мың теңге шамасында белгіленді. Үміткерлерді ұсыну 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсанда басталып, 13 қаңтарда сағат 00.00-де тоқтайды.
13 қаңтар тыныштық күні болса, ал 14 қаңтарда Сенат депутаттарын сайлау өтеді. Нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін жариялайды.
Депутаттыққа үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы және соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрған;
- 30 жасқа толған;
- Жоғары білімі бар;
- Еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл;
- Тиісті өңір аумағында кем дегенде 3 жыл тұрақты тұрған.
- Төрт балалы анаға – 16,03 АЕК немесе 55 303 теңге;
- Бес балалы анаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- Алты балалы ана үшін – 24,05 АЕК немесе 82 972 теңге;
- Жеті балалы анаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- Сегіз баласы бар ана үшін – 32 АЕК немесе 110 400 теңге.