Биыл 11 айда 12 млн астам адамға стоматологиялық қызмет тегін көрсетілді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында стоматологиялық көмек халықтың белгілі бір санаттарына қолжетімді. Олар МӘМС бойынша тісті тегін емдеу мүмкіндігін белсенді пайдаланады. Мәселен, 2021 жылы 10 млн жуық стоматологиялық қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың 11 айында 12 млн астам қызмет көрсетілді.
Жоспарлы түрде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге қол жетімді. Ал, шұғыл көмек қажет болған жағдайда, азаматтардың 9 санаты ала алады:
• 18 жасқа дейінгі балалар
• жүкті әйелдер
• соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар
• I, II, III топтағы мүгедектер
• «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері
• атаулы әлеуметтік көмек алушылар
• жасы бойынша зейнеткерлер
• инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар
• ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.
Шұғыл стоматологиялық көмек науқастың өміріне қауіп төндіретін кенеттен болатын өткір аурулар мен созылмалы аурулардың өршуі кезінде көрсетіледі:
- пульпит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы)
- периодонтит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы)
- жақ-бет жарақаты (мысалы, тістің шытынауы немесе сынуы)
- жақ-бет аймағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының өршуі
- стоматит
- жедел ауырсыну жағдайлары
- шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететін емдеулер.
Пациенттердің аталған санаттары үшін МӘМС пакетімен қандай көмек тегін көрсетіледі?
- анестезия
- жақ немесе тіс рентгенографиясы
- тісті жұлу
- пломбаны препараттау және салу
- периостотомия
- пульпит, периодонтит, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу
- абсцесті ашу.