Коронавирусқа шалдыққан 6 адамның халі нашар
Коронавирусқа шалдыққан 6 адамның халі нашар
Фото: yandex.kz
420
оқылды
Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус 76 адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирустан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделуде. Оның ішінде, 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 7 адамның жағдайы ауыр, – 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, – 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.