Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты
Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты
Фото: видеодан скриншот
1,466
оқылды
Алматыда көпқабатты үй өртенді. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 3 қаңтар күні сағат 10:13 кезінде 101 пультіне Алмалы ауданы Брусиловский көшесі, 167-үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.   https://youtu.be/x-SL30JKrxY Өрт сөндіру бригадасы 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтады. Өрттің таралуы сағат 10:44-те тоқтатылып, 10:59-да жойылды. Жалынның 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқарушылар 75 тұрғынды, оның ішінде, 25 баланы қауіпсіз орынға эвакуациялады.