Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
1,204
оқылды
Президент Жарлығымен Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды», делінген Жарлықта.
Айта кетсек, 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды. Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде «Nur Otan» партиясы филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты басқармасында, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, Қоғамдық даму министрлігінде қызмет етті. 2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылдың шілдесінен бастап Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 2021 жылдың 12 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың ақпанында «AMANAT»  партиясының жауапты хатшысы болды.