Ауа райына байланысты Астана мен Теміртауды жалғайтын республикалық маңызы бар жол жабылды.
Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының хабарлауынша, аталған тасжолмен жүруге көліктің барлық түрлеріне рұқсат жоқ.
«4-қаңтар күні сағат 21.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тасжолының 1291-1426 шақырымындағы Астана-Теміртау бөлігі барлық автокөлік түрлеріне жабық», - деп жазды ведомстводан.