5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
”Қазгидромет” 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағы Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – қар, шығыста қатты қар жауады. Еліміз бойынша желдің күшеюі, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі.