Ақмола облысында жолда қалған 60 адам эвакуацияланды
Ақмола облысында жолда қалған 60 адам эвакуацияланды
568
оқылды
Ақмола облысының автожолдарында күрделі жағдай әлі де сақталып тұр. Ақмола облысы ТЖД хабарлауынша, қарлы боран салдарынан облыс бойынша 13 республикалық маңызы бар және 23 облыстық маңызы бар жолдар жабылған. Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылғы 3 қаңтарда облыс жолдарында күрделі жағдай қалыптасқан. Республикалық маңызы бар бекеттер мен автожолдар блогынан ТЖ департаменті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Атбасар, Жақсы және Целиноград аудандарының жылыту пункттеріне 65 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала. Сондай-ақ ТЖД күшімен техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен Ерейментау қаласындағы тұрғылықты жері бойынша төрт адам құтқарылып, жеткізілді, олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарылғандардың ішінде жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Облыс аумағында осы жылғы 3-4 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады», – деп брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым атап өтті.
Ақмола облысының ТЖД азаматтарға ауа райының құбылмалылығына назар аударып, бақылау қажеттігін еске салады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.