Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға түсіп кеткен екі адамның біреуі құтқарылды. Ал екінші адамды іздеу әлі жалғасып жатыр.
Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға бүгін, 5 қаңтарда болған.
Атырау қаласының маңындағы Жұмыскер ауылынан жергілікті уақытпен сағат 11:14-те екі адамның Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға түсіп кеткені туралы шақырту түскен.
Оқиға орнына жеткен облыстық Полиция департаменті балық қорына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің инспекторлары, полиция капитаны Жеткіншек Иманғалиев пен полиция аға сержанты Айбат Жауымбаев жедел жетті.
https://www.youtube.com/watch?v=4_G15xS4618&ab_channel=PolisiaKZ