Financial Times басылымы қытайлық зерттеушілер кванттық компьютерлерді пайдаланып онлайн-шифрлауды бұзу жолын тапқаны туралы мақала жариялады. Мамандарды таңғалдырған жаңалық туралы Financial Times газетіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_234913" align="aligncenter" width="1913"] IBM 433-кубиттік Osprey жүйесі 2023 жылдың басында зерттеушілердің пайдалануына берілетінін мәлімдеді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Желтоқсан айының соңында жарияланған ғылыми мақалада баяндалған әдіс кванттық есептеудің негізгі бірлігін пайдалана отырып, онлайн шифрлаудың көп бөлігінде қолданылатын RSA алгоритмін бұзу үшін пайдалануға болатыны айтылған. IBM болса өзінің 433-кубиттік Osprey жүйесі, көпшілікке көрсетілген ең қуатты кванттық компьютер осы жылдың басында зерттеушілердің пайдалануына берілетінін мәлімдеді. Бұл жаңалықтар рас болса, онда компьютерлік қауіпсіздік тарихындағы маңызды өзгерістер болмақшы.
Компьютерлік қауіпсіздік бойынша сарапшы Роджер Гримс «бұл дегеніміз үкіметтер басқа үкіметтердің құпияларын аша алады дегенді білдіреді және информатикадағы ең үлкен дүние болады» деп баға берген.
[caption id="attachment_234915" align="aligncenter" width="1601"] Неміс математигі Клаус-Питер Шнорр үлкен жай сандарды көбейткіштерге жіктеудің тиімді әдісі – RSA кодын бұзу үшін іргетас болатынын дәлелдеді. Ол шеше алмаған есептеу бөлігін қытайлық зерттеушілер ұсынды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Бұған дейін неміс математигі Клаус-Питер Шнорр өткен жылы алгоритмді жариялады, оның айтуынша, үлкен жай сандарды көбейткіштерге жіктеудің анағұрлым тиімді әдісі – RSA кодын бұзу үшін басты болып саналады. Бірақ Шнорр шеше алмаған есептеу бөлігін жылдамдату үшін кванттық компьютерді пайдалану арқылы шешуге болатынына қытайлық зерттеушілер сенімді.
Олар 10-кубиттік кванттық компьютерде 48-биттік санды көбейткіштерге жіктеу үшін басқаша алгоритм жасағандарын айтқан. Алайда, сарапшылар «қытайлық мамандар ұсынған әдіс іс жүзінде жұмыс істей ме?» деген сұрақтың жауабы белгісіз дейді.
Көпшілікке түсінікті тілмен айтар болсақ, болашақта кванттық компьютердің көмегімен онлайн-шифрлаудың кез келген түрін бұзу арқылы қазіргі интернеттегі құпиялық деген болмайды.
Үкіметтер немесе кванттық компьютерлері бар корпорациялар қарапайым халықтың WhatsApp, Telegram және басқа да сервистердегі хабарламаларын еш қиындықсыз көріп, бақылауға алады.