Арқалықта бесінші қабаттан құлаған бойжеткен полицейдің үстіне түсті
Арқалықта бесінші қабаттан құлаған бойжеткен полицейдің үстіне түсті
19,812
оқылды
Басында қыз бесінші қабаттың балконынан құлап бара жатып, темірден ұстап үлгерген. Полицейлер келгенде оның күші сарқылып, төменге ылдилай жөнелген. Сол кезде қызға тиетін соққыны жеңілдету үшін жердегі полицей оған өз денесін тосқан.
Polisia.kz-ның Telegram арнасы нақтылап өткендей, 7 қаңтарда таңғы сағат 05:30-да қаланың жедел басқару орталығына бір қыздың балконның темірінен ұстаған күйі салбырап тұрғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Капсаматов бірден аттанды.
"Жағдайды бағамдап, Алмат Әмірхан далада қалып, ал серіктесі бесінші қабатқа көтерілді. Осы кезде ілініп тұрған қыз бесінші қабаттан құлап кетті. Төменде қалған полиция қызметкері оған тиетін соққының ауыр болмасы үшін өз денесін тосты. Соның арқасында 29 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен жоқ" делінген хабарламада.
Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірхан бірнеше жарақат алып, аяғын ауыртып алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.