Өскеменде үй өртеніп, 8 адам құтқарылды
Өскеменде үй өртеніп, 8 адам құтқарылды
243
оқылды
Өскемен қаласында өртенген үйден 8 тұрғын құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Назарбаев даңғылындағы пәтерде өрт шыққан.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте үйлерінен шыға алмай жатқан 8 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін басқан подъезден 10 адамды эвакуациялады. Барлау барысында пәтер ішінен 1980 жылғы ер адамның денесі табылды» делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, дер кезінде көмекке келген өрт сөндірушілер 1984 жылы туған адамды түтін басқан пәтерден алып шықты. Улану және термиялық күйік белгілері бар ол жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі – төсекте мас күйде темекі шеккенен болуы мүмкін. Айта кетейік, жалынды сөндіруге барлығы 14 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылған.