Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады
Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады
1,025
оқылды
 8 қаңтар күні еліміздің бірқатар облысында күн райы күрт өзгеру ықтималдылығына байланысты ескерту жариялады. Астанада 8 қаңтар күні бұрқасындатып, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с болады. Таразда кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, облыстың орталығында 23 м/с. Қызылорда қаласында 8 қаңтарда күндіз жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Маңғыстау облысының батысында, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда 8 қаңтарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 8 қаңтарда Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20 метрге, кей уақытта екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Жезқазғанда 8 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 8 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Шымкентте 8 қаңтар күні оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Түркістанда 8 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. 8 қаңтарда Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын жауады. Кей уақыттарда бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Көкшетау 8 қаңтарда бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 8 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с. Атырауда 8 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 8 қаңтар күні күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде аралас жауын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын. Күндіз оңтүстігінде, облыс орталығында көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы скундына 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді. Павлодарда 8 қантарда күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 8 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының шығысында қалың қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде 8 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 17 м/с-кежетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Петропавлда 8 қантарда жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с. Өскеменде 8 қаңтарда күндіз бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 8 қаңтарда Абай облысынның солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Семейде 8 қаңтарда күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с 8 қаңтарда Қостанай облысының басым бөлегінде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар, бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай 8 қаңтарда бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Қарағандыда 8 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 2023 жылдың 7-8 қаңтары аралығында Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.