Amazon 18 000 жұмыс орнын қысқартады
Amazon 18 000 жұмыс орнын қысқартады
Amazon өзінің корпоративтік жұмыс күшінен шығаруды жоспарлап отырған қызметкерлер санын «18 000-нан астамға дейін» көбейтті. Фото Reuters агенттігінен алынды
Amazon операциялық шығындарды азайту мақсатында 18 000 жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Amazon өзінің корпоративтік жұмыс күшінен шығаруды жоспарлап отырған қызметкерлер санын «18 000-нан астамға дейін» көбейткені туралы Financial Times басылымы жазды. Aikyn.kz бұл қысқартулардың себептерін Financial Times мақаласына сілтеме жасай отырып түсіндіреді. [caption id="attachment_235192" align="aligncenter" width="1601"]Рисунок2 Amazon-ның шешімі Meta және Snap сияқты басқа ірі технологиялық топтардың әрекеттеріне ұқсайды. Бұлар да коронавирустық пандемия кезінде қызметкерлер санының жылдам өсуін шектеген болатын. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Сәрсенбіде жарияланған блог жазбасында компанияның атқарушы директоры Энди Джасси қысқартулардың көпшілігі компанияның негізгі электронды коммерция бизнесін және адам капиталымен жұмыс бөлімін қамтиды. Қысқарту көлемі компанияның бұрынғы жоспарланған 10 мыңдық екі есеге жуық көп.
Amazon әрекеттері соңғы айларда Meta және Snap сияқты басқа ірі технологиялық топтардың шешімдеріне ұқсайды. Бұл ірі компаниялар да коронавирус пандемиясы кезінде қызметкерлер санының жылдам өсуін шектеген еді.
Осы сәрсенбіде Сан-Францискода орналасқан Salesforce компаниясы 80 000 адамдық жұмыс күшінің 10% қысқартатынын мәлімдеді. [caption id="attachment_235193" align="aligncenter" width="1429"]Рисунок3 Amazon-ның атқарушы директоры Энди Джасси ауқымды қысқартулар «2023 жылдың басында» болатынын айтты. Фото Shutterstock сайтынан алынды[/caption] Джассидің бағалауынан кейін рождестволық каникул алдында Amazon-ның бірнеше мың жұмыскерін қысқартуға алып келді. Қысқартулар Amazon құрылғысы мен кітаптармен жұмыс істейтін құрылымның, соның ішінде Alexa дауыстық көмекшісі тобына және Kindle оқу бөліміне әсер етті. Джасси ауқымды қысқартулар «2023 жылдың басында» болатынын айтты.
«Биылғы жағдай экономиканың тұрақсыздығы мен соңғы бірнеше жылдағы қызметкерлер санының жылдам өсуімен байланысты. Бұл өзгерістер алдағы ұзақ мерзімді мақсаттарымызды жүзеге асыруға көмектеседі», – деп жазды Джасси.
[caption id="attachment_235194" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Қысқартулар Amazon компаниясының 1,5 миллионға жуық жаһандық жұмыс күшінің аз ғана бөлігін құрайды. Компания қызметкерлерінің басым бөлігін қоймаларда немесе нақты дүкендерде жұмыс істейтін жұмыскерлер құрайды. Фото shoppingpl.com сайтынан алынды[/caption] Онлайн-сатылымның төмендеуі компанияның 2022 жылғы табысын қатты төмендетті. Бұлтты есептеулер бизнесін қоспағанда, Amazon өзінің соңғы тоқсанда 2,9 миллиард долларлық операциялық шығынды тіркеді. Соңғы 12 айда компанияның акциялары шамамен 50%-ға құлдырады. Қысқартулар Amazon компаниясының 1,5 миллионға жуық жаһандық жұмыс күшінің аз ғана бөлігін құрайды. Компания қызметкерлерінің басым бөлігі — қысқартуға ұшырамайтын қоймаларда немесе нақты дүкендерде жұмыс істейтіндер.
Джассидің айтуынша, компания «тұрақсыз макро экономикалық ортаны ескере отырып, соңғы бірнеше айда күрделі шығындарды, қарыздарды өтеуді, сатып алуды және айналым капиталына қойылатын талаптарға сәйкес болу үшін қаржыландырудың әртүрлі нұсқаларын іздестірген».
Нарықтың заңына сәйкес, ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқан компаниялар әртүрлі кезеңдерден өтеді. Олар ұдайы адам санын көбейте алмайды.