Азаптаушыға заң қатал
Азаптаушыға заң қатал
Енді азаптау ісі бойынша сотталғандарға шартты түр­де мерзімінен бұрын босату жеңілдігі берілмейді. Мұндай өзгерістер «Ашық» НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық акті­леріне Қылмыстық, Қылмыстық-про­цес­тік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайланды­ру мәсе­лелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» Заң жобасында қарас­тыры­лған. Ұсы­нылып отырған өзгерістер­дің қа­­тарында шартты түрде мерзі­мі­нен бұрын босату шарасы қол­да­нылмайтын санат­тар тізімі толық­тырылып отыр. Қазіргі қолда­ныс­тағы заңда мұн­дай талаптар жоқ.
«Қылмыстық кодекстің 73-ба­бына (Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыс­тыру немесе тағайындалған жаза мерзімін қысқарту) сәйкес бас бостандығынан айыру түрін­дегі жазасы бас бостандығын шектеумен ауыстырылған, бұрын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде босатылғандар, өмір бойына бас бостандығынан айыру жаза­сын өтеу кезеңінде жаңа ауыр не­месе аса ауыр қылмыс жасағ­ан­дар мен азаптау үшін сотталған­дарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасының күші жүрмейді», – делінген құжатта.